«Үшінші рет тоқалдыққа 18 жастағы қызды алған»: Актер Ғалымжан Қалыбаев туралы «ақпар» тарады (ВИДЕО)

Коллаж: ozgeris.info

Желідек актер әрі асаба Ғалымжан Қалыбаевтың 18 жастағы қызды тоқалдыққа алғаны туралы ақпар тарады, — деп жазады ozgeris.info сайты.

Әмина есімді желі қолданушысының сөзінше, бұл ақпарат — жалған.

«Ғалымжан Қалыбаев үшінші рет тоқалдыққа Әмина есімді 18 жастағы қызды алған. Сол суреттегі қыз мен. Өзім де бұл ақпаратты естіп шок болып отырмын. Одан кейін менің жасым 18-де емес, жақында 23 жасқа толамын. Ол аккаунт қаншы қызды тоқал қылып, барлық ұстаздарға қосып шықты. Негізі ол қыздардың бәрі тұрмысқа шықпаған жас қыздар. Қазақтарға таңғаламын. Өтірік ақпарат-ау деп ойламайды. Естігеннің барлығына сене береді. Ол сурет те өтірік. Соған сеніп өсектеп отыр. Одан кейін маған кім не десе де бәрібір. Мен тоқал емеспін, тұрмысқа шықпағанмын», — деді ол.

Айта кетейік, Ғалымжан Қалыбаев әйелдердің ішкен арағы өмір бойы бойында қалатынын айтып, желіні шулатқан болатын.