Үш адам қаза тапты: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Павлодар-Семей тасжолында көлік апатынан 3 адам мерт болып, бір адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 8 қаңтар күні Аққулы ауданы Тілектес ауылы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі қар күрейтін көлікті озып өте бергенде қарсы жолаққа шығып кеткен және КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

— Апат салдарынан Kiа көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Ал бір жолаушы түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. Соқтығысқан көліктер арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Облыстық жедел жәрдем стансасының дерегіне сай, шақырту 20:35–те түскен. Қалалық ауруханаға 53 жастағы ер адам жеткізілді. Жарақат алған тағы бір жолаушы — 61 жастағы ер кісі ауруханаға барудан бас тартқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…