@bairaq_media Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өз келіншегін ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми хатымен құттықтаймын деп желіде сынға қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia. kz Мұқаев Мәжілістің атынан өз әйелін туған күнімен құттықтаған. Ол, бұл ісін «Парламент тарамай тұрғанда қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қалдым» деп түсіндірген. Мұқаевтың бұл әрекетіне журналист Диас Нұрақын да шүйлікті. «Ардақ Назаров анасын Мәжіліс мінберінен құттықтап еді. Енді Дәулет Мұқаев деген депутат әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты. Гештальтын жапқым келді дейді. Заң шығарушы орган гештальт жабатын жерге айналған ба? Мыналарға тоқтам салмасақ, алдағы уақытта аурулары асқынып, құда-жекжатын Ақорданың атынан құттықтап, той-томалаққа Президенттің “Алғыс хатын” апарудан тайынбайды.»,- деп жазды журналист @diasnurakyn Желі қолданушылары да Мұқаевтың әрекетін сынап жатыр. “Бұл этикаға жат, білгендерін істеу”, “Парламенттің беделін түсірді”, “Ардақ Назаровтан алған үлгісі ме, ұялмай ма?” , “Заң шығарушы органды мазақ қылды” деп пікір жазған. #даулетмұқаев #парламент #мәжіліс ♬ оригинальный звук - bairaqmedia