Алымсақтық кез келген жерде орын алуы мүмкін — тек түнде бос көшеде ғана емес, күндіз қоғамдық көлікте немесе адамдар көп жерде де. 13 сәуір күні Желіде №076ХА (Қызылорда–Петропавл) пойызында алымсақтыққа ұшыраған қыздың оқиғасы жарияланды, — деп жазады ozgeris.info сайты.
Пойыз жолсерігі қыздың аяғынан ұстап, қолынан тартып, вагоннан вагонға соңынан аңдыған, тіпті «ұйықтатпайтынын» айтқан. Зардап шеккен қыз — Жаңа адамдар қозғалысының белсендісі болғандықтан, бұл оқиғаны бірден әлеуметтік желілерде жариялауды ұйғарды.
Жаңа адамдардың «Тұмар» азаматтық науқаны белсенділері белсенді қызбен сөйлесіп, бұл атышулы оқиғаның егжей-тегжейін анықтады. Сапар барысында қолына ие болмаған жолсерік – 1992 жылы туған Жанибек Абдикаликов болып шықты. Оқиға жария болғаннан кейін ол қызбен байланысқа шықты, алайда кешірім сұрап, кінәсін мойындаудың орнына қыздың оны «дұрыс түсінбегенін» айтып, ақталуға тырысты.
Бұл оқиғадағы ең қорқыныштысы – алымсақтық кезінде айналада ондаған адамның болғаны. Қыз көмек сұрағанда неліктен ешкім көмектеспеді? Неліктен жолсерік өзіне әлі де тым сенімді? Өйткені айналадағылар үнсіз қалуға әдеттенген. Терезеге, телефонға, әйтеуір басқа жаққа қараса – мәселені көрмесе болғаны. Ешкімге араласу тиімді емес. Қыздар тіпті айналасында ондаған жолаушылар бар пойызда да өзін қауіпсіз сезіне алмайтын жағдайға жетті.
Біз әрекетсіздік танытып, қылмыскерлердің өздерін қауіпсіз сезінуіне және қылмысты қайта-қайта жасауына жол береміз. Үнсіз қалу – зорлықты қалыпты нәрсеге айналдырып, ал бейжайлық – тойтарыс алып көрмегендер үшін артықшылық болып отыр.
Жаңа адамдар қылмыстық алымсақтыққа ұшыраған барлық адамды болған жағдай туралы дереу полицияға хабар беруге шақырады. Қорықпаңдар, қысылмаңдар. Бұл азғындардың есімдері мен жүздерін бүкіл ел білуі тиіс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру