«Ұнамаса — келме!»: Димаштың анасы Астананы жамандаған ресейлік блогерге шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: ozgeris.info

Ресейлік блогер Илья Варламов еліміздің бас қаласы Астана туралы пікір білдірді. Алайды оның бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға ұнамай қалды, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Варламовтың сөзінше, Астана өмір сүруге арналмаған.

«Астана нашар қала. Өмір сүруге өте қолайсыз. Астана қала емес. Маған ұнамайды, ешқандай жайлылық жоқ, қыдыруға да келмейді. Басында-ақ тұрғызылғанда дұрыс жоспарланбаған. Жан-жақты айтпай-ақ қояйын, бұған дейін ашып жазған болатынмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын», — деді ол жүргізуші сауалына.

Бас қала туралы айтылған блогердің бұл сөзі Димаштың анасына ұнамай қалған.

«Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса — келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», — деп жазды Света Айтбаева.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Варламовты қолдаса, енді бірі Астананың жайлы қала екенін жарыса жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от левый берег Астана события🌍 (@levy_bereg_astana)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит