Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!», — деп жазды төменгі палата депутаты.
Айта кетейік, Ермұрат Бапи — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ол оған дейін «ДАТ – Общественная позиция» газеті бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы болды.
ПІКІР ЖАЗУ