Украинаның дрондары Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарына шабуыл жасады

Фото: vnpz.lukoil.ru
3 ақпан күні таңертең Украина қарулы күштері Волгоград және Астрахань облыстарында Лукойл мен Газпромға шабуыл жасады. Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің Facebook парақшасында жазды.
Екі облыс Батыс Қазақстан облысымен және ішінара Атырау облысымен шектеседі.
Екі облыста да шабуылдардың нысанасы мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындары болды. Волгоградта дрондар Лукойлға тиесілі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады.
Астрахань облысында «Газпром» газ өңдеу зауытына да шабуылдаған.
Зауыт істен шықты.
Astra мәліметінше, екі жағдайда да шабуылдардың нысанасы мұнай-газ компаниялары болған.

Екі күн бұрын Ресей Украинаға жаппай зымырандық соққы жасады. Зымырандардың бірі Полтавадағы тұрғын үйге тиіп, 14 адам қаза тапты, оның ішінде екі бала, 20 адам жарақат алды.

Өткен жылдың соңында украиналық ұшқышсыз ұшақтар Ресей арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдайтын құбырға шабуыл жасаған.