Баспана — бар қазаққа басты арман. Бірақ бүгінде жастарға үйлену де, үй алу да оңай болмай тұр. Біреулер айлық шайлыққа жетпейді деп шағымданса, енді бірінің қаржылық сауаттылығы төмен. Баспана алуға бағыт беріп жүрген Депутат Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм парақшасында оқырмандарымен үй алудың жолдарын бөлісті, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
- Қыдырысты, той-домалаққа баруды азайтамыз;
- Маусым сайын жаңа киімдерді алуды азайтамыз. «Жыртық болмаса болды» деген ұранды миға қондырамыз;
- Бөліп төлеу – өліп төлейтін «РАССРОЧКА» 24 ай деген жарнамаларға көз жұмамыз;
- Жеңілдігі (акция) бар тауарларды алуға тырысамыз;
- Біреудің ақшасын емес, өз ақшамызды санаймыз. Әр шығынға есеп береміз. Жазамыз;
- Депозит ашып, екі жақтан ақша жинаймыз.
Ал сіз депутаттың айтқанымен келісесіз бе? Қазақстандағы күнкөріс деңгейімен үй алу мүмкін бе?
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру