Танымал әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерей туралы көбі білмейтін ақпарат айтты. Оның айтуынша, қызы көбіне орысша сөйлейді, ол компанияда ағылшыннан аударма жасайды, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Өнер иесі қызының ән айтқан видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Онда Мерейдің орысша сөйлегеніне жұрт шүйлігіп кеткен.
Мақпал Жүнісова қызының қазақтар аз жұмыс істейтін компанияда қызмет ететінін айтты.
«Жұмысында қазақтар аз. Көбіне орысша мен ағылшынша сөйлейді. Үйде ғана қазақша сөйлесеміз. Қыз түгілі менің өзім де кейде орысша сөйлеп кетемін. Ауру қалса да, әдет қалмайды. Ең бастысы 99 пайыз қазақша сөйлейміз», – деп жазды әнші.
Одан кейін әнші қызының басқа салада еңбек ететінін айтып, сахнаға шыққысы келмейтінін жасырмады.
ПІКІР ЖАЗУ