АҚШ киноакадемиясының мүшесі, америкалық актер Гарри Ленникс әріптесі Уилл Смит «Оскарды» қайтаруы керек екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Variety сайтына сілтеме жасап.
Ленникстің сөзінше, қазіргі уақытта кино сыйлығының «жақсы атын» қалпына келтіре алатын жалғыз адам — Смиттің өзі.
Ол киноакадемия беделіне түскен «дақты» кетіру оңай емес екенін айтты. Актердің пікірінше, Уилл Смитт «Король Ричард» фильміндегі «Ең жақсы ер адам ролі» номинациясында алған марапатынан өз еркімен бас тарту арқылы жағдайды түзете алады.
Еске салайық, оқиға «Оскар» жеңімпаздарын мараттау кешінде болды. Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін, Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрып жіберді. Актер орнына оралғаннан кейін Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. Айта кетейік, бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ