Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. 

«Тағылған айыптармен келіспеймін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралса және сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтсе», — деді Қуандық Бишімбаев сот алдында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Фото: Facebook


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...