«Уақыт емдемейді»: Баян Мақсатқызы марқұм әкесін еске алды

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың әкесі екі жыл бұрын дүние салған болатын. Бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда Алагөзова мұрағаттағы суреттерден бейне әзірлеп, әкесін есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бейнені ол «Вечная память Максату Мухитденову» деген тақырыппен өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

Сондай-ақ, жазба Бағым Мұхитденова орындаған әнмен сүйемелденді.

«Сенсіз өткен екі жыл. Уақыт емші емес, ол тек өзіне бағындырады. Бағым сен үшін ән шырқады, сенің әдемі даусың, талантың тек соған берілген», — деп жазды Алагөзова бейненің жазбасына.