«ҚТЖ» банкрот болуы мүмкін — Смайылов

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның қарызы шамамен 3 триллион теңгеге жетіп, банкрот қаупі төніп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info

«Соңғы 4 жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 трлн теңге бөлінген, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 332 миллиард теңге жұмсалған. Қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан бұл экономиканың жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қажеттілігін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып шықты. Салдарынан теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған», — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, 2020-2023 жылдары магистральдық, стационарлық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін 4 мыңнан астам бұзу фактісі тіркелген. Тек 2023 жылы жолаушылар пойыздарының кешігуі 412 сағатт болды немесе 2022 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен.

Төрағаның пікірінше, «ҚТЖ» тиімсіз басқарырылып отыр. Салдарынан компанияның қаржылық жағдайы мүшкіл.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)