2024 жылы Алматыдағы PM2.5 ұсақ бөлшектерінің жылдық орташа концентрациясы 24,1 мкг/м³ құрады, бұл ДДСҰ ұсынған деңгейден 4,8 есе жоғары. Clarity деректерін Almaty Air Initiative жеке қорының жоба менеджері Равкат Мұхтаров қоғамдық талқылау барысында ұсынды.
PM2.5 – диаметрі 2,5 микрометр немесе одан да кіші ұсақ бөлшектер. Олар адам шашынан шамамен 30 есе жіңішке, өкпеге терең еніп, кейін қан айналымына өтіп кетуі мүмкін.
Мұхтаровтың айтуынша, 2023 жылмен салыстырғанда жағдай аздап жақсарғанымен (орташа концентрация 6 мкг/м³ төмендеген), мәселе әлі де өзекті: жыл бойы ауа тек 202 күн ғана нормаларға сай болған.
Ең ластанған аудандар:
- Солтүстік-шығыс (Жетісу, Түрксіб, Алатау және Әуезов аудандарының бір бөлігі) – 31,2 мкг/м³ (нормадан 6,2 есе жоғары), жылына 519 темекіге тең;
- Орталық аймақ (Алмалы, Медеу, Әуезов, Наурызбай аудандары, Рысқұлов, Ташкент, Төле би көшелері) – 26,6 мкг/м³ (5,3 есе жоғары), 443 темекі;
- Солтүстік-батыс (Әуезов, Наурызбай аудандары) – 21,1 мкг/м³ (4,2 есе жоғары), 351 темекі;
- Оңтүстік бөлік (Бостандық пен Медеу аудандарының жоғарғы жағы) – 16,1 мкг/м³ (3,2 есе жоғары), 268 темекі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру