Белгілі блогер Мерей Әбілова «Мамский әңгіме» әңгіме бағдарламасында қонақта болып, өзінің алғашқы жүктілігі туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Блогердің сөзінше, ол бірден жүкті бола алмаған.
«Мен бірден жүкті болатындарға таңғалдым. Біздің қолымыздан ол келе қоймады. Уайымдағанымды да жасырмаймын. Дубай Моллда жүктілікке арналған тест жасап көрдім, онымен нәтиже ойымдағыдай болмады. Қазақстанға барған соң тексерістен өтеміз деп шештік. Кейін Мальдив аралдарына барып, сол жақта бала жоспарлап көрдік. Аралда көтеру оңай деген аңыз бар ғой. Содан кейін қуанышты хабар естідік», — деп ағынан жарылды блогер.
Алайда желі қолданушыларына Мерейдің бұл ашықтығы ұнамаған. Оны отбасындағы құпияларды сыртқа шығарғаны үшін сынап тастағандардың қарасы көп.
«Алжыған ба бәрін айтып?», «Тыңдаудың өзі ұят екен», «Не жасап жатыр мыналар?», «Көрдік, көрдік деп қоймайды екен», «Енді сұхбат бермеші», «Төсектен басқа әңгіме қалды ма?», «Қазақстанда жүріп-ақ бес бала тудық», «Осы қыз не айту керек екенін білмейді», деп жазды олар.
@dsaltik011♬ оригинальный звук — dsaltik01
ПІКІР ЖАЗУ