Тұздалған немесе сүрленген етті жеу зиян ба?

crispy.news

Ет тұздау зиян емес. Бабаларымызда солай өмір сүрген, — деп беттен алып қарсы шығатындар табылар. Бірақ бұрынғылар еттің сақталу мерзімі ұзақ болуы үшін тұздаған, сүрлеген, көмген. Отандық дәрігер Заурбек Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында тұздалған еттің зиянын айтып берді, — деп хабарлайды  ozgeris.info.

Дәрігер қазақстаннан басқа ешбір елде етті тұздамайтынын айтты.

Етті тұздау ол дәмді. Біздің ауызымыздағы рецепторлар үйреніп қалған. Бұрын бабаларымыз еттен күш алу үшін тұздаған. Қамырды көп қоспаған. Айран, сүт, қымызбен ішкен. Олар жауға шапқан, егін орғандықтан оларға энергия керек болған. Ал қазір ет пен қамырды жеп алып жата қаламыз. Оның артынан кола ішіп жатамыз. Салдарынан:

  • Өтіңіз толады;
  • Бауырды май басады;
  • Асқазан ішек жолында мәселе пайда болады;
  • Ұйқы безінің қабынуына алып келеді.

Ас қорыту жүйесіндегі түрлі проблемаларға алып келеді, — дейді дәрігер.

Сондай-ақ етті тұздамай тұтынуға кеңес берді? Ал сіз тұздалмаған етті жей аласыз ба?