Түркістанда ер адам үйінде арыстан мен жабайы құстарды заңсыз ұстаған

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі.

Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді. Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...