Түркістан облысында 11-сынып оқушысы мектепке жарылғыш зат туралы жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ozgeris.info.
Полицияның ресми өкілі Гүлнар Әбдіжаппарованың айтуынша, терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңнамасында қатаң жаза қарастырылған. Ол айыппұл салудан бастап, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін жетуі мүмкін. Мұндай жауапкершілікке 14 жастан асқан тұлғалар тартылады.
Егер құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған жасөспірім жасаған болса және оның жасы 14-ке жетпесе, ата-анасы жауап береді.
Полиция мектеп оқушыларын мұндай қауіпті әзілдерден аулақ болуға шақырып, бұл әрекеттердің ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті. Қазіргі уақытта оқушының әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
ПІКІР ЖАЗУ