Түркістан облысында діни экстремистер ұсталды

Фото: кадр из видео polisia.kz

Күдіктілер әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдар жариялап, есірткі мен қару сақтаған, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Orda.kz сайтына сілтеп.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, діни араздықты қоздыру және экстремистік материалдарды тарату күдігімен радикалды топты ұстады.

Күдіктілер – діни радикалды көзқарастарды ұстанған Мақтаарал ауданының тұрғындары.

Олар әлеуметтік желілерде басқа дін өкілдерін қорлайтын материалдарды жариялаған (тыйым салынған видео мен аудио таратқан).