Жеңіл автомобильдің жүргізушісі басып озып бара жатып, жүк көлігіне ұшып кетті. Авария салдарынан төрт адам қаза тапты, олардың арасында 22 жастағы әскери қызметші бар, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі CMN.KZ порталына сілтеп.
Апат 18 қарашада Түркістан облысы Сарыағаш қаласының шетінде «Шымкент-Жетісай» автожолында болды. 22 жастағы жүргізуші басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, жүк көлігін ұрып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы қаза тапты.
Апат кезінде ҚР ҰҚК ШҚ жанындағы келісімшарт қызметінің 22 жасар әскери қызметшісі демалыста болған.
ПІКІР ЖАЗУ