Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны демалыссыз қалды: олар турларының ақысын алдын ала төлеп қойған, бірақ тур болмаған.
«Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 жастағы директорын ұстады», — делінген хабарламада.
Алдаудың барлық эпизоды бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
«Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12».
ПІКІР ЖАЗУ