Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров Олимпидада бесінші орын алған Әбиба Әбужақыноваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол Әбибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтты.
«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп — Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» — деді Қожаназаров.
Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізе алмай, көз жасына ерік берген еді. Кейіннен жанкүйерлерінен кешірім сұрап, жазба жариялады.
ПІКІР ЖАЗУ