Түнгі клубта өрт шығып, 59 адам қаза тапты

Солтүстік Македонияда түнгі клубта болған өрт салдарынан 59 адам қаза тапты, тағы 155 адам зардап шекті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Елде 7 күндік аза тұту жарияланды. Өрт жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша  сағат 2:30 шамасында Кочани қаласындағы Pulse түнгі клубында болған. Онда халық арасында танымал ДНК тобының концерті өтіп жатқан. Концертке шамамен 500 адам келген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрттің пайда болуына пиротехниканы қолдану себеп болған.

Солтүстік Македонияның прокуратура өкілі Биляна Арсовсканың хабарлауынша, трагедияға қатысы бар 10 күдікті, соның ішінде клубқа лицензия берген шенеуніктер тұтқындалды. Осыған дейін жергілікті БАҚ түнгі клуб иесі ұсталғанын жазған болатын.

Ақпаратқа сәйкес, ғимараттың тек бір есігі жқмыс істеп тұрған.  Ал артқы есігі жабық тұрғандықтан, эвакуация кезінде қолданылмаған.

Биляна Арсовска өрт сөндіру жүйесінде кемшіліктер бар екенін мәлімдеді. Апат салдарынан сахнаға шыққан топтың тек бір мүшесі ғана аман қалған қазір ол ауруханада жатыр. Топтың қалған мүшелері қаза тапты.

Желіде тараған бейнежазбада адамдардың өртті сөндіруге тырысқаны, қызыл жалын басталғаннан кейін клубтан бірден шықпағаны көрсетілген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны