«Түнде жанып тұрады». Желіде зиратты сәндеп береміз деген ұсыныс тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Желіде зиратқа адам атын түрлі-түсте жазып беретін қызметті ұсынған белгісіз біреудің видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Видео nezhanalyk.aral Instagram парақшасында жариялаған.

«Тапсырыс аламыз. Бір әріп 8500 теңге тұрады. Түнде түрлі-түсті болып жанып тұрады», дейді видео авторы.

Желі қолданушылары мұның сұмдық кәсіп екенін жарыса жазды.

«Алыстан бәрі дүкен де ойлап келіп тұрмасын», «Бейітті сәндеу ақырзаманның белгісі», «Жарықтың ақысын кім төлейді?», «Өлгеннен кейін мұның бәрі бір тиын ғой», «Адамдар көз алдымызда мисызданып бара жатыр», «Қазақтар адасудан бірінші орын алып жүр», деп жазды видеоны көрген жұрт. 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...