Трамп Уркаинадағы соғысты тоқтатады ма?

washingtonpost.com

Дональд Трамп бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғыс жайлы талқылады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл екі ел басшысының Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы әңгімесі болды. Сұхбат барысында Трамп Ресей президентіне Украинада жағдайды ушықтырмауға кеңес берді және Еуропадағы АҚШ-тың әскери күшінің мол екенін еске салды.

Әңгіме барысында Трамп еуропалық құрлықта бейбітшілікті сақтау мақсатын алға тартты және Украинадағы соғысты тез арада тоқтатуға деген қызығушылығын білдірді. Ол, сонымен қатар, өз президенттік науқанында Украинадағы соғысты тез арада тоқтату жоспары бар екенін, бірақ егжей-тегжейін ашпағанын жеткізді. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Трамп кейбір аумақтарды Ресейге қалдыруды қолдайтынын да айтқан.

Трамптың бұл әрекеті әлемдік саясат сахнасында үлкен белгісіздік тудырды. Соған қарамастан, Украина билігі бұл әңгімеден хабардар болған және оған қарсы шықпады.

Ақпарат washingtonpost.com сайтынан алынған.