Трамп болат пен алюминий импортына 25% баж салығын енгізді

Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп елге әкелінетін барлық болат пен алюминийге 25 пайыздық баж салығы салынатынын жариялады, деп хабарлайды Reuters.

Ресми хабарландыру 10 ақпанда жасалады, бірақ бұл тек формалды шара. 11 немесе 12 ақпанда Трамп «өзара тарифтер» схемасын ұсынады, ол дереу күшіне еніп, басқа елдердің тарифтеріне айна-қатесіз жауап береді.

«Егер олар бізге баж салығын салса, біз де саламыз», – деп түсіндірді ол.

АҚШ-тың негізгі болат жеткізушілері – Канада, Бразилия және Мексика. Сондай-ақ, АҚШ-тың алюминий импортының 79%-ын Канада қамтамасыз етеді. Канаданың инновациялар министрі Франсуа-Филипп Шампань канадалық металлургияның АҚШ-тың қорғаныс, кеме жасау және автомобиль өнеркәсібі үшін маңызды екенін атап өтті.

«Біз Канада, жұмысшыларымыз және салаларымыздың мүддесін қорғай береміз», – деді Шампань.

Квебек премьері Франсуа Лего аймақтың АҚШ-қа 2,9 млн тонна алюминий экспорттайтынын, бұл елдің қажеттілігінің 60%-ын құрайтынын айтты.

Айта кетейік, Қытай әлемдегі ең ірі алюминий өндіруші болып табылады және бұл нарықта Канадаға бәсекелес.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…