Трамп 8 мамырды АҚШ-та Жеңіс күні деп жарияламақ

BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне байланысты өз көзқарасын білдірді. Ол көптеген елдер бұл күнді 8 мамырда атап өтетінін айтып, дәл осы күнді АҚШ-та да ресми мереке ретінде белгілеуді ұсынды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Трамптың сөзінше, Америка соғыста жеңіске жетуде үлкен рөл атқарған, сондықтан бұл күннің маңызы зор. «8 мамырды – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны – Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп атаймыз», – деді ол Truth Social желісінде.

Президент сонымен қатар АҚШ жеңістерін ұлықтауды қайта бастайтынын айтты.

«Біз екі соғыста да жеңдік. Біздей күшті, батыр, дарынды ел болған жоқ. Бірақ қазір ондай жеңістерді тойлайтын көшбасшылар жетіспейді. Біз енді жеңістерімізді лайықты түрде атап өтеміз!» – деді ол.