«Төсектен тұрғанда, өсек тыңдамаңыз»: Қанат Бозымбаев журналистерге кеңес берді

Фото: baigenews.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналиске өсек тыңдамауға кеңес берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Үкімет отырысында су тасқынының салдарымен күрес, салынған және салынып жатқан үйлер жөнінде отырыс өткізілген. Отырыс барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отырыста соңғы мәліметтерді жариялады.

Қанат Бозымбаевьты журналистер тек Үкімет ғимаратында көретіндіктен, оған тақырыптан тыс сұрақ қойылған.

«Сізге тақырыптан тыс сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: жалпы сіздің бұған дейін премьер-министр болуыңыз мүмкін екені айтылған. Бұл болжам жөнінде өзіңіз не ойлайсыз?» – деп сұралды одан.

Бозымбаевқа сұрақ ұнамай қалса керек.

«Мен сізге бір кеңес берейін: таңертең төсектен тұрғанда өсектерді тыңдамаңыз», – деп жұртты күлдірді.

Журналист вице-премьерге «мен таңертең тұрғанда, өсек тыңдамаймын» деп жауап берді.