Төрехан Сабырхан Азияның ең үздік боксшысы атанды

Фото: ҰОК

Әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан Азияның да үздік боксшысы деп танылды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол жақында ғана ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.

Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан жастар арасындағы үздік боксшы атағын жеңіп алды. Одан бөлек, Қазақстан 3 аталымда жеңімпаз деп танылды:

Үздік ұлттық федерация – Қазақстан бокс федерациясы

Ерлер арасындағы үздік боксшы – Сағындық Тоғамбай

U22 ерлер арасындағы үздік боксшы – Темірлан Мұқатаев

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!