Төреғалидың қарындасы 24 сағатта оқырмандарынан 46 млн теңге жинап алған

Фариза Төреәлі
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жақынының еміне оқырмандарынан бір тәулікте 46 млн теңге қаражат жинған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Төреғали Төреәлінің қарындасы жақыны ауыр дертке шалдығып, оған тез арада ота жасау керек деген. Блогер Instagram-дағы парақшасында көпшілікті көмекке шақырды. Фариза Төреәлі 7 күнде 40 млн теңге жинау керек екенін жеткізді.

Блогердің парақшасындағы оқырмандардың белсенділігі сонша, сағат сайын жиналған ақшаның саны арта түсті. Осылайша, ол емге қажет болған 40 млн теңгені асырып, бір тәулікте 46 млн теңге жинаған.

«Осымен ақша жинау тоқтады. Бір тәулікте – 46 млн теңге. Артығын емге жұмсайды. Қазір химия алып жатыр. Барлығы қымбаттап кеткен. Баршаңызға алғыс. Бір күнге жеткізбей, бір адамның әрі қарай өмір сүруіне себепші болып жатырсыздар. Алла Тағала мұны сіздерге екі еселеп қайтарады», – деді Фариза Төреәлі.