Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жүктелген жауапты миссияны жоғары деңгейде орындаған офицерлер мен сарбаздардың еңбегін атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Президенттің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан БҰҰ аясындағы өзге де миссияларға қатысуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бітімгершілік миссиясын атқару барысында әскери борышын үлгілі орындағаны, ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіге мемлекеттік наградалар тапсыру туралы Жарлыққа қол қойды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру