Тоқаев уақыт белдеуі жөніндегі пікірталасты тоқтатуға шақырды

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ескі уақыт белдеулеріне оралу туралы пікірталасқа нүкте қою қажет екенін айтты.

“Үкіметпен, депутаттардың басым бөлігімен және мамандармен келісемін: аумағы үлкен, бірақ халқы салыстырмалы түрде аз мемлекетімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуы тиіс. Бұл мемлекетті басқаруды жеңілдетіп, логистика мен көптеген бизнес-процестерді оңтайландыруға көмектеседі. Сондықтан бұл мәселені талқылауды доғарып, оны саясиландыруға жол бермеу керек деп санаймын”, – деді Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.