Қазақстанның көлік саласы дағдарысқа тірелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге арналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында министр Марат Қарабаевты қатаң сынға алды, деп жазады Ozgeris.info.
Президенттің пікірінше, елдің көлік жүйесі жоспар бойынша дамымай жатыр. Шекарадағы жүк өткізу баяу, өткізу пункттері тозып тұр, ал инфрақұрылымдық жобалар кестеден кешігіп жатыр.
«Жасыл дәліздер» қалыптастыру, Қнарықты авиаотынмен қамтамасыз ету, және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру – бұл мәселелерді шешу жолдары. Тоқаев елдің жаһандық логистикалық тізбектерге белсенді қосылуы қажет екенін де атап өтті.
Жиын соңында Мемлекет басшысы министр Қарабаевқа сөгіс жариялап, саланы жедел реттеуді талап етті. Логистикадағы мәселелер шешімін таппаса, бұл Қазақстанның экономикалық әлеуетіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру