Тоқаев: «Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат кезінде  шетелге заңсыз жіберілген қаражатты қайтару мәселесіне қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Президент шетелге кеткен қаржыны қайтару керектігін, бұл бағыттағы жұмыстар Үкіметтің ұсынысынан кейін басталатынын жеткізді.

«Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Бұл мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз», — деді ол.

 

«ozgeris.info»