Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін мұсылмандардың ең қасиетті айы — Рамазан басталды. Енді мұсылмандар қауымы 30 күн бойы ауыз бекітіп, ораза ұстайды.  Бұл рухани тазару және дұға ету үшін ең жақсы уақыт деп саналады. Осы орайда бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды.  Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі.   Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады. Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз.  Қасиетті ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін!», — деді Президент.

 

 «ozgeris.info»