Тоқаев Египет сенатының төрағасын қабылдады

Тоқаев Египет

Қасым-Жомарт Тоқаев Египет сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразекті қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Бүгінде Мысыр Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Сындарлы саяси диалог жолға қойылған. Көптеген екіжақты уағдаластықтар мен келісімдер бар. Біз осы серпінді сақтап, өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстарды дамыту біздің ынтымақтастығымыздың негізі болуы тиіс, бұл үшін бізде жеткілікті әлеует бар «, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Абдельразек мемлекет басшысына Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің сәлемін жеткізді. Ол елдің екіжақты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Бұл біздің ортақ міндеттерімізді тиімді жүзеге асыру тұрғысынан дұрыс деп санаймын. Мысырда Қазақстанға ерекше ықыласпен қарайды. Біздің елдерімізді біріктіретін көптеген ортақ нәрселер бар. Жақын арада өзара тиімді жаңа уағдаластықтарға қол жеткізіледі деп үміттенемін «, — деп атап өтті спикер.

Тараптар парламенттік дипломатияны дамыту, екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын жандандыру мәселелерін талқылады.