Тізеден төмен кесіп тастаған: Маңғыстауда ер адамды пойыз таптап кетті

Фото: cenzura_aktau

Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кеткен, дәрігерлер зардап шеккен адамның аяғын кесуге мәжбүр болған, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Бейнеу ауданының Боранқұл станциясында болған.

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының мәліметінше, жедел жәрдем станциясына хабарлама 28 ақпанда сағат 21:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізген.

Ақпаратқа сүйенсек, 1989 жылы туған ер адам мас болған. Дәрігерлер тізеден төмен бөлікті кескен.

«Жалпы жағдайы ауыр. Есін біледі. Жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімге ауыстырылды», — деп жазылған мәліметте.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылы мұндай 75 жағдай тіркелген. Оқиғалардың негізгі себептері — теміржол арқылы өту ережелерін бұзу, мас болу, құлаққап тағып жүру және суицид.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом