Meta-ratings.kz сайтының расталмаған ақпараты бойынша, қазақстандық бизнесмен Тимур Турлов жақын арада Қазақстан футбол федерациясын тізгіндейді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы ел басшылығының қолдауына ие екені хабарланды. Олардың ойынша, Турлов қазақ футболын ретке келтіруге қабілетті тұлғаны саналады. Оның өкілдері қазірдің өзінде Қазақстанның аймақтарын аралап, аймақтық федерациялардың лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізуде.
Ал федерацияның қазіргі президенті Әділет Барменқұловқа келсек, ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы клубтардың бірінде жетекшілік қызметке келуі мүмкін.
Еске салайық, Барменқұлов 2022 жылғы ақпан айының соңында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған болатын. Оның тізгінінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында С дивизионын жеңді, сондай-ақ Германияда өткен 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық бөліміне өтуден бір қадам ғана қалып қойды.
ПІКІР ЖАЗУ