Тимур Құлыбаевтың мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

Фото: halyq-uni.kz

Атырау облысында «Каспий нефть» компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды», — делінген ақпаратта.

Айыппұл бюджетке өндіріліп, Ұлттық қор 13 684 868 730 теңгеге толықты.

«Каспий мұнай» АҚ-ның 100% акциясының иесі – Тимур Құлыбаев. Компания Атырау облысы Айранкөл кен орнында мұнайды барлаумен, өндірумен айналысады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы