«Тiffany сыйламаймын»: Нұрлан имам әйелінің қанағатшыл екенін айтып мақтанды

Фото: видеодан скрин

TikTok арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Дін өкілі «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келетінін жасырмады.

“Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдаудан жолым болды”, – деді имам.

Одан кейін қоғамда қызу талқыланатын көп әйелу алуға қатысты да жеке көзқарасын білдірді.

“Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділеттілік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді”, – деп ой бөлісті теолог.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...