Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін мойындауды арттыруға ниетті, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірасылов.
Оның айтуынша, жыл сайын ағылшын тілінде ҰБТ тапсыратын талапкерлер саны артып келеді. Биыл бұл мүмкіндікті 221 адам пайдаланды.
«Біз үшін біздің тест, ҰБТ, балалар алатын сертификаттардың мойындалуы маңызды. Осы орайда біз шетелдік әріптестерімізбен, әлемдегі тестілеу орталықтарын аккредиттейтін агенттіктермен үлкен жұмыс жүргізудеміз. Әрине, біз Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттарының біздің өңірде, бәлкім, шетелде пайдаланылуын қалаймыз «, — деді Болатбек Әбдірасылов ОКҚ брифингінде.
Бұл үшін ҰТО халықаралық ұйымдардың қолдауымен қазақстандық тестілердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, орталықта әзірлеушілер мен сарапшылардың біліктілігін арттырады. Өткен жылдан бастап Дүниежүзілік банк жобасы іске асырылуда, ол бойынша 350 тест әзірлеуші және Ұлттық тестілеу орталығының 40-қа жуық сарапшысы оқытылды.
ПІКІР ЖАЗУ