Терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғыны ұсталды — ҰҚК

2024 жылғы 28 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамға әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдік келтіріліп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша ол ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…