Билікті басып алуға шақырған қазақстандыққа қосымша жазалау шарасы қолданылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
«Азамат ақпан айында билікті басып алуға, террористік топ құрып, оны басқаруға, насихаттауға және қаржыландыруға шақырғаны үшін 20 жылға сотталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Тергеу изоляторында болған кезде айыпталушы тұтқындарға терроризм идеологиясын насихаттауға тырысқан.
Еске салсақ, осындай қылмыс үшін маусым айында Шымкент қаласының екі тұрғынына үкім шықты. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды.
ПІКІР ЖАЗУ