7 мамыр күні Астанадағы әскери парад басталар алдында дауысзорайтқыш орнатылған дрондар көпқабатты үйлердің терезелеріне жақындап, тұрғындардан терезелерін жауып, шегініп тұруды сұрады. Куәгерлердің сөзінше, дрондардың бірі 20-қабат биіктігіне дейін көтерілген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты CMN.KZ порталына сілтеме жасап.
Тәуелсіздік алаңы маңындағы үйлердің тұрғындары дрондардың терезе маңында ұшып жүріп, мынадай мазмұндағы ескертуді қайталағанын жеткізді:
«Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздіктеріңіз үшін терезені жауып, одан алыстауыңызды өтінеміз».
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру