Теңіз кен орнында жұмысшылардың ұжымдық әрекеті аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Caspian Offshore Construction Realty (COCR) компаниясына сілтеме жасап. Бұл компания – “Теңізшевройлдың” мердігері.
«COCR компаниясы директорының түсіндіру жұмыстарынан кейін өндірістік алаңдағы жағдай тұрақтанды. Жұмысшылар жатақханаларға оралды, жоспарлы вахта ауысымы жүргізілді. 14/14 вахталық кестеге көшу мәселесі белгіленген тәртіппен қаралатын болады», – делінген ресми хабарламада.
Өңірлік «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, талап қойғандар – COCR мердігері болып табылатын «Кәсіби таңдау» кәсіпорнының қоймашылары мен жүкшілері. Олар жалақыларын 1,5 есеге өсіруді сұраған. Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары, прокурор және еңбек инспекторы барған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру