Теміртауда балабақша тәрбиешісі жұмысқа ішімдік ішіп келіп, шу шығарған

Фото: ғаламтордан

Теміртауда ішімдік ішіп жұмысқа келген тәрбиеші мен мемлекеттік балабақша директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Айгөлек» балабақшасына 30 қыркүйекте орташа дәрежедегі мас күйіндегі педагог жұмысқа келіп, балаларға агрессия көрсеткен. Полицияға мұғалімнің жұмысқа мас күйінде келгені туралы жасырын қоңырау түсті.

Полицейлер мұғалімді медициналық тексеруге алып кетті. Оның орташа деңгейде мас екені анықталды.

Балабақша асханасынан алкогольдік ішімдік табылмады.

«Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мұғалім педагогикалық этиканы өрескел бұзғаны себепті жұмыстан босатылды. Балабақша директорының міндетін атқарушы да қызметінен босатылды», — деді Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы