«Тек алимент төлейді»: Карина Мамаш бұрынғы дипломат күейуі туралы айтты

Фото: сұхбаттан скрин

Экс дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш сұхбат беріп, қазіргі жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Балаларым әкелерімен кездескеннен кейін «Әкелеріңмен бірге уақыт өткізгілерің келе ме?» деп сұрадым. Қызым «Жоқ» деп кесіп айтты. Ал ұлым әкесі қандай болса да әкесіне тартылып тұр. Ұл балаға әке керек. Ұлым он, қызым сегіз жаста. Күйеуім қазір тек алимент төлеп жүр. Сот мүлікті, нақтырақ айтқанда пәтерді бөлісу туралы шешім шығарды. Бірақ Сәкен апелляциялық шағым берген. Қазір соны күтіп отырмыз. Апелляция екі ай қаралады. Әпкеме қол көтеруіне байланысты сот аяқталды. Сот әпкемді жәбірленуші деп танып, 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірді. Өзім қазір кризис орталығынан әріптесімнің пәтеріне көштім. Көркем гимнастика мектебінде тренер болып жұмыс істеп жүрмін. Жұмысымды жақсы көремін. Қосымша модель ретінде жобаларға түсемін. Қазіргі ең басты мақсатым – ұлымның отасына ақша жинау», — дейді Карина Мамаш.