Тасқын су Атырау маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен

Жайық өзенінен құйылған тасқын су Атырау қаласының маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, Сарыөзек елді мекеніндегі шаруа қожалығының иелері де хабар берген.

«Сарыөзек каналы бойындағы бөгеттің үш метрдей аумағын су жырып кеткені анықталды. Соған байланысты қалалық әкімдігі мен «Арнаулы автобаза» ЖШС-дан 15 адам каналдың су жырған бөлігін қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Бөгетті нығайту үшін құм толтырылған 1 тонналық 60 және 50 келілік 100 қапшық төселді. Бұл жұмыс 2 сағатта аяқталды. Осындай қауіптің алдын алу үшін арнайы топ тәулік бойына кезекшілік атқарады», — деп хабарлады Шәкір Кейкин.

Махамбет ауданының аумағынан бастау алатын каналдың ұзындығы – 60 шақырым. Су арансы Атырау қаласы және Еркінқала ауылдық округінің аумағымен өтеді.

Фото: Видеодан алынған кадр


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...