Танымал әзілкеш 8 наурыз мейрамында әйеліне зираттан орын сыйлады

Ресейлік танымал музыкант, шоумен Стас Барецкий 8 наурыз мейрамында әйеліне қайтыс болғанында жерлену үшін зираттан орын сыйлады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Страсти» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шоуменнің айтуынша, ол нәзікжандыларға көптен бері парфюм сыйламаған. Оның орнына пайдалы сыйлықтар бергенді жөн көреді. Мысалы, әртіс бір кездері дос қызына себетке немесе вазаға емес, унитазға салынған гүлдер сыйлағанын айтты.

Басылымның мәліметінше, жақында Барецкий сүйіктісіне тағы бір ерекше сыйлық сыйлағаны анықталды.

«Айтпақшы, өткен жылы сүйіктіме 8 наурызға зираттан жер телімін сыйладым, өйткені мен – Кәсіби жерлеу агенттері одағының президентімін. Ондай сыйлық алуға мүмкіндігім бар. Басында ол маған ренжіген, бірақ ол әзілді жақсы көретін қыз болғандықтан сыйлығымды қабыл алды. Мен оған алдымен жылжымайтын мүлік сияқты жер телімдері де үнемі қымбаттап жатқанын түсіндірдім. Екіншіден, оны қажет болса, жылжымайтын мүлік сияқты сатуға болады», — деп мойындады шоумен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец