Виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкеноваға арнап композиция орындады.
Ол «Гауһартас» фильмінің саундтрегін орындап, бұл туындының тарихы туралы қысқаша айтып өтті.
«Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген «Гауһартас» фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты — Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады», — деп жазды музыкант.
Әлеуметтік желі қолданушылары мызыканттың өнеріне жоғары баға беріп, қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғаға қатысты түрлі пікір жазды.
Айта кетейік, Бағжан Октябрь – белгілі әнші Өктем Алтаевтың ұлы.
Фото: YouTube
ПІКІР ЖАЗУ